Судың да сұрауы бар...
Қостанай облысының қалалары үшін ауыз судың басты көзі – Тобыл өзені. Оның өзегі Оңтүстік Орал мен Торғай үстіртінің шекарасынан басталады. 1591 километрді бойлайтын ұзын су ағыны Ертіске құйып, әрі қарай Солтүстік Мұзды мұхитқа ағады. 70-ші жылдардың ортасына қарай тез дамып келе жатқан тың өлкесіне су жеткізу үшін өзен бөгеттермен жабыла бастады.
Виктор Дейнека. Фото "Наша Газета"
Гидролог Виктор Дейнека қазір зейнет жасында. Белгілі академик су қоймаларын салу туралы шешімнің қалай қабылданғаны туралы сөз етті.

«Өзендердің 90%-і еріген сумен толады. Бөгеттер салынбаған уақытта су мұхитқа құятын. Сонау 1962 жылы Қостанай облысында бір литр суда 2 грамм тұз болды, ал санитарлық нормалар бойынша ауыз су 1 граммға дейін есептеледі. Бұл сұрақ Қаратомар, кейін Жоғарғы Тобыл су қоймаларын салған кезде шешілді».

Бүгінде Тобыл өзені мен оның салалары Қостанай облысының аймағында ғана Тобыл қасқаты деп аталатын сегіз су қоймасын біріктіреді. Олардың басым үлесі қаланы ауыз сумен қамтамасыз етеді. Бірақ мамандар өзеннің тарылып, қамыс пен лайға болып жатқанын жиі айта бастады. Су сапасы одан сайын нашарлап барады.
Алайда су қоймалары ауыз су сапасы мәселесін тек ішінара шешеді. Мысалы, наурыз айында Қостанайға су беретін Амангелді су қоймасында қаттылық деңгейі литріне 7.5 миллиграмм эквивалент шамасында болды (норма 7).

Су тасқынынан кейін жағдай өзгереді: лай тұнып, өзендегі қаттылық шамамен екі есе төмендейді. Барлығы минералдану деңгейі бірнше есе төмен еріген сулардың ағынына байланысты. Бұл жағдай өңірдің басқа өзендеріне де тән.
Амангелді су қоймасы
Қостанайды қоректендіреді
1964 жылы құрылды
Ең көп сыйымдылығы 7 млн текше.
Бұл сумен Қостанайды бес ай бойы қоректендірге болады
Өзен айнасының көлемі – 4,16 км2
немесе 594 футбол алаңы.

Рудный су алатын Қаратомар су қоймасындағы судың сапасы жыл сайын нашарлап барады. Соңғы бес жылда ауқымды су ағыны түскен жоқ. «Қазсушаруашылығы» облыстық филиалының мәліметтері бойынша 2020 жылдың 14 наурызында (су тасқыны қарсаңында) Қаратомар қоймасының 62% ғана толтырылды. 2019 жылы жағдай дәл осы қалыпта болды.

Жазғы ыстықта бұл үлкен мәселеге айналады. Су ысып, көк-жасыл балдырлардың «кілеміндей» созылып жатады. 2019 жылы жазда хлорофиллдің айтарлықтай өсуіне байланысты су жасыл түске боялды.


Қаратомар су қоймасы
Рудныйды қоректендіреді
1965 жылы құрылды.
Ең көп сыйымдылығы 791 млн текше.
Бұл су көлемі Рудныйға 70 (!) жылға жетуі мүмкін еді.
Өзен айнасыны көлемі – 93,7 км2
немесе 13 мыңнан астам футбол алаңы.




Арнасына гүл өскен бүгінгі Тобыл тек Рудный ғана емес, Қостанайдң да проблемасына айналып отыр. Себебі су гүлдеп кетсе, оның тазартылуына көбірек хлор қажет. Бірақ кейін бұл суды ішудің қиындық туғызатыны анық.
Жоғарғы Тобыл су қоймасы Лисаков қаласын сумен қамтамасыз етеді. Бұл – тұрғындары су сапасына наразылық айтпайтын Қостанай облысындағы жалғыз қала. Бір ғана кемшілігі – су қоры көзінің болмауы.

Гидрогеолог Виктор Дейнека су қоймасы сенімді ақтамауы мүмкін деп санайды. Маманның айтуынша су қоймасы бірнеше бөлікке жіктелген: жоғарғы су қабаты тасқын сулардан тұрады, яғни сапасы жақсы, бірақ төменгі қабаттары қатты минералданған. Су ағыны аз жылдары бұл су сапасының нашарлауына әкелуі мүмкін.

Облыстық ауқымдағы мемлекеттік органдар мен Лисаковск коммуналдық кәсіпорнының мамандары бұл мәселемен келіспейді. Олар су қоймасын мүлтіксіз жұмыс істейді деп отыр. Алайда олар қала суының қор көзі кедергі болмайтынын мойындайды.
Жоғарғы Тобыл су қоймасы
Лисаковты қоректендіреді
1972 жылы құрылған.
Ең көп сыйымдылығы 911,6 млн текше.
Бұл су көлемі Лисаков қаласына 385 жылға жетеді.
Өзен айнасының көлемі – 87,4 км2
немесе 12 мың футбол алаңы.

Строительство Лисаковского ГОКа
70-ші жылдардың басында Лисаков қаласында тау-кен байыту комбинаты салынғанда, ауыз суды кәсіпорын ұңғымаларынан пайдалану ұсынылды. Расы керек, бұл суда темір көлемі жоғары деңгейде болды.

Қажетсіз қоспалардан құтылу қалтаға қиын түсті. Фабрикада қажетті қондырғылар болса да, бұл су көзін пайдаланудан бас тартты. Сол кезде Тобылда су бөгетін салу туралы шешім қабылданды.

ХХ ғасырдың 60-70 жылдары су қоймаларын салумен қатар ауыз судың жер асты кен орындарына белсенді барлау жүргізілді. Қалалар мен ауылдарды сумен қамтамасыз ететін ұңғымалардың дені дәл сол уақытта салынды. Бұл процесс КСРО-ның ыдырауына дейін тоқтатылмады. 90-шы жылдары көптеген ұңғымалар істен шықты.

Рудный, Лисаков, сондай-ақ бір жылдары жерасты көздерін тұтынған Арқалық та су қорынсыз қалды, бірақ бүгінде Ащы-Тасты су қоймасын пайдаланады. Жітіқара ұңғымаларды 2005 жылы Желқуар су қоймасында бөгет жарылып, сусыз қалған соң ғана қалпына келтіре алды.

Жер асты көздері туралы ҚР Геология комитеті сайтының ашық мәліметтері бойынша құрылған картадан, сондай-ақ тақырып бойынша жұмыс істеу барысында жиналған ақпараттардан көп мәлімет алуға болады.

Өтінеміз, дереккөздер туралы көбірек білу үшін сайттың сол жағындағы белгілерді пайдаланыңыз:
көк маркерлер – пайдаланылатын су көздері,
қызыл - пайдаланылмайтын,
жасыл – бұлар бізге белгілілері, бірақ олар туралы мәліметтер ҚР Геология комитетінің сайтында жоқ.

Бізге Қостанай облысында Жамбыл, Зааят, Қазанбасы, Шандықсал, сондай-ақ ауыз судың басқа да жер асты кен орындары бар екені белгілі. Алайда, олардың орналасуы туралы біз тек өңірдегі елді мекендерінің атауларымен сәйкестендіре аламыз. Ашық дереккөздерде жер асты суы кен орындарының бірыңғай картасы әлі жоқ. Дегенмен, экология министрлігінде оны құру туралы ойластырып жатқандарын атап өтті.




"жер асты суының кен орындары – Бұл ерекше ҚОЛАЙЛЫ ЖАҒДАЙЛАР БОЙЫНША ТҰЗДЫ СУдың ТҰЩЫ СУМЕН (еріген және жаңбырлы су) АЛМАСТЫРЫЛған бөлігі", - ВИКТОР ДЕЙНЕКА.
Жер асты көздерін пайдалану – сапалы судың кепілі емес. Қостанай облысының көптеген кен орындары бойынша деректер(карта мәліметтерін оқыңыз) біздің өңірдің суының тұздылығын немесе артық минералдары бар екенін көрсетеді.

Бірнеше жыл бұрын Қостанай кен орнын игеруге кіріскенде, суда марганец пен темір көлемінің шамадан тыс екені, күкіртсутегінің иісі бары анықталды. Ұңғымаларды айдау жөніндегі геологтардың ұсыныстары айтарлықтай нәтиже берген жоқ. Қымбат жоба миллиардтаған шығынға ұшыратуы мүмкін еді.

Бұл мәселе де шешілді. Бүгінде жерасты суы ескі тазарту құрылғылары арқылы өткізіледі, тазартудың бірнеше кезеңдері, тәсілдері қосылды. Химиялық реакциялардың көмегімен темір гидроксиді мен марганец оксиді бөлінеді, ал күкіртсутегі ұшып кетеді.

Қостанайдағы жағдай
Қостанай – ауыз судың жаңа жерасты кен орындарын іздеп, игеріп жатқан Қостанай облысының жалғыз қаласы. Қаланы сумен қамтамасыз ету жұмысының 60%-і Қостанай жер асты кен орны арқылы жүріп жатыр. Ал бұл тәулігіне 35 мың текше метрге дейін айналады. Қала тұрғындары тәулігіне 45 мың текше метр су ішеді. Қазір Абай кен орнында дайындық жұмыстары жүргізілуде, ол іске қосылған соң тәулігіне 20 мың текше метр суды қалаға күн сайын бере алады.

Бүгінде жер асты көзіне арналған су тазарту құрылыстары тек өз қуатының жартысындай ғана жұмыс істейді. 1968 жылы салынған құрылыс нысаны әбден ескіріп кеткен. Жаңа деген нысандардың өзі 1991 жылы салынған. Осы күні тазарту құрылыстарын жаңадан салу мәселесі қарастырылуда.


Рудныйдағы жағдай
Қала тек арнасы гүлдеп кеткен Қаратомар су қоймасынан ғана ішеді. Облыстық энергетика және ТКШ басқармасында Рудныйда ауыз судың жер асты қоры барланып, зерттелгенін айтады.

«Рудненский водоканал» ЖШС қазіргі жетекшісі Серік Есқожанов қаладағы ахуалды былай түсіндірді: «Пайдалы минералдарды өндіру жүріп жатқан кезде бізде үлкен тау-кен кәсіпорны жұмыс істеді, онда қысым бір жерде көтерілсе, екіншісінде төмендейді. Яғни, су бір жерде ағып кетіп, екіншісінде тағы пайда болады. Демек, су линзасы 100% тұрақты деуге келмейді».

Су арнасының экс-директоры Анатолий Зуевтің пікірі Есқожановтың сөзімен ұштасады. Зуев 90-шы жылдары қалада ұңғымалардың жұмыс істегенін, бірақ кейінірек төмендегенін айтты.

Жер асты көздерін табу жұмыстары тежеліп тұр, ал Рудныйдағы су арнасының облыстағы жекеге тиесілі жалғыз нысан екенін айта кетейік. Кәсіпорынның заңды мәртебесі мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде қолдау алуға мүмкіндік бермейді.

Лисаковтағы жағдай
Лисаков әкімшілік аумағына кіретін Октябрь кенті Козырев жер асты сулары кен орнынан алынған ұңғымадан су пайдаланады. Бірақ олар әр түрлі тереңдікте және су арнасына мезгіл-мезгіл сайын бірінен екіншісіне ауысуға тура келеді. Магний суда соңғы жылдары ғана пайда болды. Бүгінде магнийдің аз мөлшері бар су арнасы ізделінуде. Лисаков маңынан басқа су кен орны ізделген, бірақ оны игеру шығындары шекті бағадан асып түсті.

Бұл мәселені сүзгіш стансада марганецті жоюға арналған арнайы жабдық орнату арқылы шешпек болды. Лисаков тиісті жобаны әзірлеу үшін облыстық бюджеттен қаражат сұрады.

Ал Лисаков үшін су қоры көзі әлі қолжетімді емес. Себеп біреу – қымбат жоба. Дей тұрғанмен жер асты ауыз суының барланған қоры бар. Әзірге Жоғарғы Тобыл су қоймасы өз міндеттерін жақсы орындап отыр.

Осыдан бірнеше жыл бұрын біз Лисаковта пайдаланылған карьерлерден суды қор көзі ретінде пайдалану нұсқасын қарастырдық. Қазір мұндай тетіктер көп. Тіпті, олардың сапасы мен тереңдігі сәйкес келеді. Бұл мәселе тасқын су болмай тұрған кезде, бірнеше жыл бұрын көтерілген. «Өркен» ЖШС (Лисаков тау-кен өндіру кәсіпорны, бұрынғы Лисаков КБК) осы суды пайдалануды ұсынған еді. Карьерлерден орталық сутартқышқа дейінгі қашықтық 5 шақырым болды. Алайда, бұл су алабы тазалауды талап етті, яғни оны сүзгіш станса арқылы өткізу керек. Тиісінше, бұның шығындары да жоғары. Бұған ешкім қаржы бөлген жоқ.

Анна Мутина
«Лисаковқалакоммунэнерго» ӨШБ экс-директоры
Ашық көздердегі судың салыстырмалы төмен сапасы тұздың қаттылығын, судың гүлденіп кетуін, құрамын ескере отырып, жерасты көздеріне көшудің қажеттілігі, қалаларда «Б» жоспарының болуы туралы ойлануға мәжбүр етеді.

Жітіқарадағы жағдай қосалқы немесе көмекші су көзінің қажеттігін дәлелдеді. Қала алдымен 2000, кейін 2005 жылы қатты тасқын салдарынан сусыз қалды. Су тасқынының қуатты болғаны сондай – Желқуар су қоймасындағы суағардың жұмысын бұзды. Дәл сол кезде кеңес уақытында салынған ұңғымалардың жұмысын тексеру және мүмкіндігінше қалпына келтіру туралы шешім қабылданды.

«Бүгінде Жітіқара жер асты кен орнынан қаланың тәуліктік қажеттілігінің 40% -не дейін су ала алады», - дейді «Жітіқаракоммунэнерго» МҚК директоры Мырзабай Ерекенов.

Бұл жерде судың қорын үнемдейді және тек су тасқыны кезінде, сондай-ақ қыс мезгілінде Желқуар су қоймасындағы судың сапасы қатты төмендегенде пайдаланауға тырысады.

Қостанай облысы тұрғындарының едәуір бөлігі үшін ауыз судың басты көзінің бірі ретінде Тобылдың толуы мәселесі болып отыр, бұл жер асты кен орындарының қажеттігі туралы ойлантады. 2020 жылы қыстағы қардың көп түсіміне қарамастан, су қоймасына су көлемі аз жиналды: 55 млн текше метр – Қаратомар су қоймасында және тек 31 млн текше метр – Жоғарғы Тобыл су қоймасында.

Сонымен қатар, әр түрлі деңгейдегі мемлекеттік органдар мамандарының пікірлері Рудный және Лисаков қалаларындағы сумен жабдықтаудың қор көздері жақын арада пайда болмайтынын көрсетеді. Егер Лисаков үшін нақты шешілетін уақыт белгісіз болса, рудныйлықтар мүлдем қиын жағдайға тап болды.

Егер кенеттен судың сапасы мен құрамы өзгерсе, онда жер асты кен орындарын игерудің қымбат процесі, сондай-ақ түзету мүмкіндігі бар су тазарту схемасын жекелей таңдау қажеттігі тоқтайды.

Made on
Tilda