Қатылығын анықтаймыз
Тәжірибенің тазалығы үшін Қостанайдың суын алдық:
1. краннан аққан су (фильтрден өтпеген),
2. қайғана әрі тұнған,
3. бұлақ суы (Науырзым қорығы),
4. дистилденген (арнайы құтыларда сатылады)
Тәжірибеге сүйенсек, краннан қаттылығы орташа су ағатынын көреміз. Краннан аққан су мен қайнаған су арасындағы лакмустың түс айырмашылығы шамалы, бірақ қайнаған судың қаттылығы аз.
Ал бұлақ суы жұмсақ, бұған қоса ол барлық көрсеткіштер бойынша су құбырына келетін судан жақсы.
Дистилденген су лакмус жолақтарының дәлдігін тексеру үшін алынды. Фотода суда артық заттың жоғы көрінеді, қандай да бір заттардың мөлшері рұқсат етілгеннен әлдеқайда аз. Бұл дистилденген суға тән үрдіс.