Қарасу ауданында тоғыз ауыл су тасып ішіп отыр. Мұндағы техникалар облыстың басқа аудандарындағы сияқты моральдық жағынан да, физикалық жағынан да ескірген. Іргедегі Комсомольское және Қызкеткен кенттеріне баратын жол Google карталарында жоқ, бірақ біз өз машинамсызбен жолға шығуға тәуекел еттік. Жолдағы терең шұңқырлардан өткен сайын демімізді ішке тартамыз. Нәтижесінде Қостанай - Қарасу трассасының Комсомольскийге бұрылысына жетіп, жолдың үштен бір бөлігін жүріп өткен соң, біздің түсірілім тобы қайта оралуға шешім қабылдады. Ал бұл жолдармен су таситын көлік қалай жүреді? Бұл енді үлкен мәселе. |