"Барды бағалайық" -
тіршілік нәрі және сіз бен біз туралы жоба
Тақырыпты зерттей отырып, су ресурстарын басқару мәселесінің қазір маусым сайын қылаң беріп қалатынын түсіндік. Атап айтқанда, су тасқыны, көл-айдындардың жазда гүлденіп кетуі немесе құбырдан аққан «қоңыр» суды көрген кезде байқаймыз.
Шындығында бұл мәселенің түп төркіні қайда жатыр? Адамдардың суға деген салғырттығы немесе жалқаулығы ма? Әлде мәселе қаржыға келіп тіреле ме?